"Жiгер" жазғы сауықтыру лагері

Бір жағынан, жазғы лагерь – жасы әр түрлі балалардың бос уақытын ұйымдастыру формасы, екінші жағынан бұл баланы сауықтыру, дамыту кеңістігі.

Лагерь демалыс уақытындағы балалардың толық демалуларына, танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасайды.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі, жарғысына сәйкесті, тұлғаның әр түрлі жастағы ұжымдарда денсаулығын нығайтуға және әлеуметтік бейімділуге бағытталған «Жiгер» жазғы сауықтыру лагерінің базасында балалар мен жасөспірімдердің сауықтыруын жүзеге асыруда. Жазғы мезгілде балалардың бос уақытын ұйымдастыру – азаматтық-құқықтық, адамгершілік, зияткерлік және дене жағынан дамуына, мінез-құлқын қалыптастыруға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Жыл сайын біздің лагеріміз балалардың әр түрлі танымдық-ойын және спорттық шараларға қатысатын ерекше әлеміне айналдырылады.

Лагерь Жаңа Бұқтырма кентіне жақын, Бұқтырма бөгенінің жағасында көркем, ауасы таза аймақта орналасқан және Шығыс Қазақстан облысындағы лагерлердің ең жақсысы. 

2 кірпішті ғимаратында 4-6 баланың тұруына арналған бөлмелер.

Бөлмелері жайлы (2 дәретхана және душ бөлмелері).

Жеке орналасқан 3 қабатты асханада балалар 4 рет тамақтандырылады.

Анықталған нормативтерге сәйкесті медициналық қамтамасыздандыру: балалар білікті медициналық жәрдемді алады. Медициналық пункті, изоляторы бар.

Жазғы сауықтыру лагеріндегі балалар ересек тұғындардан бөлек тұрады.

 

Музыкалық-би кештерін және концерттерді өткізу үшін алаңшасы, демалуға арналған орындары бар: әртүрлі жасты балаларға арналған ойын алаңдары, кішігірім футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңшалары, спорттық-ойын алаңшасы; үстелүстілік теннисіна арналған үстелдер; үйірмелерге арналған бөлмелер; ойын бөлмесі.

Туған өлкенің төңірегі бойынша біркүндік жорықтар, музыкалық би кештері, шаралар өткізіледі.

 

Бұқтырма су қоймасының жағасында жабдықталған жағажай. Аумақ жарықтандырылған.

Лагерде бірінші және жоғары санатты тәжірибесі мол педагогтар қызмет атқарады.

 

Күзет тәулік бойы: келісім бойынша облыстық ІІД әр аусымға қоғамдық тәртібін сақтау үшін екі қызметкерді жолдайды.

Аусымның ұзақтығы 7 күн, 8 –ші күні қайту.

 

ЖСЛ ұйымдастыру мақсаты: аусымның сауықтыру кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мен денсаулықтарын нығайтуға жағдай жасау.

 

ЖСЛ негізгі міндеттері:

  1.  Жазғы кезде балалар мен жасөспірімдердің қолдары бос болмауға жағдай жасау;
  2.  Тәрбие мен дамытуды сауықтыру демалыспен біріктіретін жұмысты балалармен ұйымдастыру;
  3.  Ұжымдық қарым-қанынастарды дамыту;
  4.  Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  5.  Балалар мен жасөспірімдердің өз-өзін іске асыруына жағдай жасау;
  6.  Денсаулықты нығайту, физикалық дамуға жәрдем беру;
  7.  Еңбек дағдыларын қалыптастыру және бекіту.

ЖСЛ қызметкерлерінің қызметіне байланысты міндеттері

 Лагердегі аусымның әкімшісі:

* Лагерьдегі қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

* Лагерьдегі балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

* Лагердің жұмыс істеуі бойынша керекті құжаттарды дайындайды;

* Педагогикалық және көмекші қызметкерлердің жұмысын басқарады.

 

Ұйымдастырушы-педагог:

* Жұмыстың жоспарын құрастырады және қорытындысын шығарады;

* Тәрбиелік шаралардың жоспарларын құрастырады;

* Балалардың бос уақытын пайдалы, мағыналы ұйымдастыру үшін экскурсияларды, жорықтарды, мерекелерді, қызықты кештерді өткізеді.

 

Тәрбиеші:

* Жұмыстың жоспарын іске асырады;

* Мәдени-бұқаралық шаралар өту кезінде балалардың қауіпсіздігіне жауап береді;

* Жасаққа берілген мүлікке жауапты болады.

 

Дене тәрбиесі жөніндегі жетекшісі-жүзу жөніндегі нұсқаушы:

* Спорттық-көпшілік шараларды: спартакиада, жеке біріншіліктерді, көңілді старттарды және т.б. ұйымдастырып, өткізеді;

* Жүзу кезінде және спорттық шараларды өткізу уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жауап береді;

* Спорт жабдықтарына жауапты болады;

* Тәңертенгілік сауықтыру жаттығуларын өткізеді.

Все фотографии лагеря