Клуб Юнеско

Баспасөз баяны

Алматыда Жастар жылының аясында  «ЮНЕСКО Клубтарының ІІ шығармашылық Академиясының» жабылу салтанаты өтті

Алматы қаласында Жастар жылын тойлау аясында «Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО Клубтары ІІ шығармашылық Академиясының» салтанатты жабылуы мен қорынытында Гала-концерті орын алды.

18 және 28 маусым аралығында өткен бірегей жоба еліміздің дарында жастарын дамыту мен қолдауға, оларда толеранттылық рухында тәрбиелеуге және мемлекеттің болашақ әлеуетін күшейтуге арналған.

Іс-шара Қазақстанның 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан келген 12-17 жас аралығындағы 1 000-ға жуық жасөспірімдерді қамтыды. Конкурстық іріктеудің нәтижесінде Академияның финалисті атанған ең үздік 100 студент 10 күн бойы Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының алдыңғы қатарлы ұстаздарынан вокалдық, аспаптық, бейнелеу және би өнерлері бойынша он күндік сабақ алуға шақырылды.

Сонымен қатар, ұлтаралық диалог мен мәдениеттер достастығы туралы  күнделікті тренингтер мен дәрістерге қатысу арқылы қатысушылар «Жаһандық азаматтық арқылы шығармашылық білім беру» тақырыбында білімдерін арттырды.

Академияның 80 сағаттан астам сабақтарының нәтижесі қорытынды Гала-концерт пен бейнелеу өнері бөлімі студенттерінің көрмесі болады. Жас таланттар қонақтарды өздерінің жан-жақты қабілеттерімен таң қалдырды.

Бұл бастаманың әлеуметтік жоба екендігін және қатысушылардың Алматы қаласында орналасуына байланысты барлық шығындар екінші жыл қатарынан ұйымдастырушылардың есебінен өтелетіндігін айта кеткен жөн. Жарысқа қатысу үшін бар жоғы Қазақстандағы 55 ЮНЕСКО Клубының бірінің мүшесі болу және дамуға деген талпыныс пен жеткілікті дәрежедегі қабілетке ие болу керек. Іс-шара алғаш рет 2016 жылы Астана қаласында өтті. Кең ауқымдылығы мен сәтті өткізілуіне орай, Академия дәстүрлі жобаға айналды және жыл сайын өткізіледі.

Жоба Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясымен және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен ұйымдастырылған. Ұйымдастыру шаралары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен бірігіп атқарылды. Жобаға ҚР мәдениет және спорт Министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы және «Тоталь Барлау және Өндіру Қазақстан» мен Caspian Projects Supply Company компаниялары кең қолдау көрсетті.

Айта кетерлік жайт, жоба Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ға мүше болуына және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссияға 25 жыл, сонымен қатар ЮНЕСКО Клубтық қозғалысына 70 жыл  толуына орай «Алматы қаласы Жастар жылының» аясында өткізілді.